02 мамыр
Енді маусымның қорытындысы бойынша жасөспірімдер лигасының үздік ойыншысы Changan MVP of the Season құрметті атағын ғана емес, сонымен қатар бағалы жүлде - шетелдік клубта қаралымнан өтуге грант алады.
Жеке трофей үшін жарыс бүкіл маусым бойы жалғасады және келесі тәртіпте жұмыс істейді: әр турдан кейін он екі команданың капитандары мен жаттықтырушылары уикэндтің үздік ойыншысын таңдайды. Бұдан бөлек, 25-ші дауыс жанкүйерлерге тиесілі - олар әлеуметтік желілерде дауыс береді.
Чемпионат аяқталғаннан кейін ең көп ұпай жинаған бес ойыншы финалдық дауыс беруге қатысады, ал жеңімпаз маусымның жабылу салтанаты – QJL Awards-та жарияланады.